jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионаты: жартылай финалға шыққан боксшылардың саны жөнінен Қазақстан нешінші орында

    Санжар Ташкенбай
    Санжар Тәшкенбай шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

    Ертең, 12 мамырда бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалы басталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жартылай финалға Қазақстан құрамасының 5 боксшысы шықты. Олар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай.

    Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан құрамасы үшінші сатыға жайғасқан.

    Көш басында Өзбекстан құрамасы тұр. Жарыс қожайындарының тоғыз боксшысы жартылай финалға жолдама алған. Екінші сатыда Куба мен Ресей (6 боксшы).

    Сонымен қатар Ташкенттегі байрақты бәсекенің 1/2 финалында Грузия, Франция, Испания және Үндістанның үш боксшысы өнер көрсетпек.

    Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

    Әлем чемпионаты: жартылай финалға шыққан боксшылардың саны жөнінен Қазақстан нешінші орында

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.