Бокстан әлем чемпионы атанған Шымбергенов финалдық жекпе-жектен соң не айтты
Опубликовано:
Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Асланбек Шымбергенов финалдық кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айта кетейік, 71 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандық боксшы финалда Өзбекстан өкілі Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасты.
Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен Асланбек Шымбергенов жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Осыдан кейін Қазақстан құрамасының капитаны финалдық жекпе-жегі туралы пікір білдірді.
"Құрметті қазақ елі, құрметті жанкүйерлер, финалдық жекпе-жекті өткіздім. Аллаға шүкір, өзбек боксшысын төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңдім. Бізге жанкүйер болғандарыңыз үшін рақмет. Сонымен қатар бізді баптап, дайындаған құрама өкілдеріне, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа, Марат Жакиевке және өзімнің жеке бапкеріме алғысымды айтамын. Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Хамитұлы Рақышевке, спорт министрлігіне ерекше рақмет", - деді ол.
- Тарихи сәт: Нұрбек Оралбай финалда этникалық қазақты жеңіп, әлем чемпионы атанды
- Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының капитаны алтын медаль жеңіп алды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020482-bokstan-alem-cempiony-atangan-symbergenov-finaldyq-zekpe-zekten-son-ne-aitty/