jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан құрамасының бас бапкері Тоқаевқа бокс қолғабын сыйлады (видео)

    Мемлекет басшысы мен Мырзағали Айтжанов
    Фото: Ақорда

    Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бокс қолғабын сыйға тартты, деп хабарлайды Ақорданың Telegram-каналы.

    "Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов президентке бокс қолғабын сыйлады", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бокстан Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен  әлем чемпионатының жеңімпаздары – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай және күміс медаль иегері Дулат Бекбауовты, сондай-ақ бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері мен бапкерлерін қабылдағанын жазған едік.

    Қазақстан құрамасының бас бапкері Тоқаевқа бокс қолғабын сыйлады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.