Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының әкімі Шымбергенов пен Бекбауовқа пәтер сыйлады (фото)

Опубликовано:

Шымбергенов
Шымбергенов. Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Ташкентте топ жарған Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовты марапаттау салтанатына қатысты, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шара барысында жамбылдық жанкүйерлер, жас спортшылар жеңімпаз спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті.

Айтыскер ақын Нұрлыбек Құрманов спортшыларға арнау айтып, жеңістерін жырға қосты.

"Әлемдік бәсекеде көк Туымызды биікке көтерген өрендеріміз Асланбек пен Дулатты айтулы әлемдік жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!

Жамбыл бокс мектебінің жарқын дәстүрін сақтаған спортшыларымыз өздерін нағыз шебер боксшы екендіктерін осы Әлем біріншілігінде айрықша көрсете білді!

Бүгінгі бокс әлемінде өздерінің дара талантымен талайды мойындатқан Асланбек пен Дулат кешегі Жамбыл боксының даңқын төрткүл дүниеге паш еткен Серік Қонақбаев, Болат Жұмәділов, Ермахан Ыбрайымов, Болат Ниязымбетов, Бақтияр Артаев, Ғани Жайлауов, Олжас Сәттібаев, Әбілхан Аманқұл сынды хас шеберлердің жеңісті жолдарын табысты жалғастыра білді.

1999 жылы Хьюстонда (АҚШ) өткен Әлем чемпионатында Болат Жұмәділов алтыннан алқа тақса, араға 24 жыл салып Асланбек Шымберегенов сол жеңісті, сол ерлікті қайталап отыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, жоғары мәртебе.

Боксшыларымызды үлкен рингке баулып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері деңгейіне көтерген Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Ақүрпеков пен Ермек Ертаевтардың ерен еңбектерін де айрықша атап өткім келеді", - дей келе Нұржан Нұржігітов боксшылардың ата-аналарына да ризашылығын жеткізді.

бапкер
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Сондай-ақ, өңір басшысы Асланбектің алтын, Дулаттың күміс медалі – алдағы Париж Олимпиадасының алтын медаліне ұласуына ниеттестігін білдірді.

Облыс әкімі спортшыларды марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады.

Атап айтсақ, Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке 3 бөлмелі пәтердің кілті, оның жеке бапкері Ермек Ертаевқа 5 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Асланбек Шымбергенов
Асланбек Шымбергенов пен Жамбыл облысының әкімі. Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Ал әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовқа 2 бөлмелі пәтердің кілті, оның жеке бапкері Нұрлан Ақүрпековке 3 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Салтанатты шара барысында қоғам қайраткері, Жамбыл облысы бокс федерациясының тұңғыш президенті Қайрат Шотпақов та өз құттықтауын жеткізіп, спортшылардың елеулі еңбегін атап өтті.

бокс
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов те өзінің әсерімен бөлісіп, қолдау білдіріп, тілеулес болған барша жанкүйерлеріне алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2021013-zambyl-oblysynyn-akimi-symbergenov-pen-bekbauovqa-pater-syilady/

pixel