Бокстан Өзбекстан намысын қорғап, әлем чемпионы атанған қазақ баласы Руслан Абдуллаевты туған ауылында ерекше қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды "Спорт Шредингера" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Руслан Абудллаев 63,5 келіде сынға түсіп, әлем чемпионатында топ жарды. Ол Өзбекстандағы этникалық қазақтар тұратын Қыбырай ауданы, Қыпшақ ауылының тумасы.
Аталған ауыл Қазақстанмен шекарадан 34 шақырымда жатыр.
Бір қызығы, Өзбекстанда туып-өскен боксшыны жерлестері таза қазақ тілінде құттықтаған. Тіпті, спортшыны ортаға алып, Қуандық Рахымның "Мен қазақпын" әнімен қарсы алды.
Бұл видео желі қолданушыларының ыстық ықыласын туғызды.
Айта кетелік, бұған дейін Руслан Абдуллаевқа өзбекстандық кәсіпкер темір тұлпар мінгізген болатын.
Ал оның жеке бапкері Ерғали Ярашев Абдуллаевтың Қазақстан құрамасына неліктен өтпей қалғанына қатысты өз пікірін айтты.
Руслан Абдуллаев әлем чемпионатынан бөлек, 2022 жылғы Азия біріншілігінде жеңіске жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2021032-ozbekstanga-altyn-apergen-qazaq-bokssysyn-auyldastary-quandyq-raxymnyn-animen-qarsy-aldy-video/