jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қоңқабаев Жалоловты ұрып тастай алады": қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Қоңқабаевты жоғары бағалады

    Қамшыбек Қоңқабаев
    Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан 1999 жылғы әлем чемпионы, Атланта және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевтың әлеуетін жоғары бағалады, деп жазады Meta Ratings сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Егер жақсы дайындалса, Қоңқабаев Жалоловты ұрып тастай алады. Қазір отырып алып, Қамшыбекке не жетпегенін айтып, ақылсыну не керек? Өзіне не жетпегенін Қамшыбек те жақсы біледі. Егер жекпе-жек кезінде бірдеңе дұрыс болмаса да, қатемен жұмыс істесе, келесі жолы жақсы өтеді бәрі. Уақыт өткен сайын Қамшыбек жақсы жұдырықтасып келеді", - деді Жұмаділов.

    Айта кетелік, Қамшыбек Қоңқабаев Ташкенттегі әлем чемпионатының ширек финалында өзбекстандық Баходир Жалоловқа 0:5 есебімен жол берді.

    Бұған дейін ол өзбек боксшысына әлем және Азия чемпионаттарында есе жіберген болатын.

    Ташкенттегі әлем чемпионатында Қазақстан командасы 4 алтын, 1 күміс иеленді.

    Қазақстан сапынан Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай жеңіске жетсе, Дулат Бекбауов күмісті қанағат тұтты.

    "Қоңқабаев Жалоловты ұрып тастай алады": қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Қоңқабаевты жоғары бағалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.