jitsu gif
Спорт

    "Алғашқы жеңіліс": қазақ баласы Мәскеуде өткен бокс кешінде ресейлік қарсыласына есе жіберді

    Абылайхан Құсайынов
    Фото: sports.kz

    Кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайынов Ресейде өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    32 жастағы қазақстандық боксшы Мәскеу қаласындағы бокс кешінің негізгі кездесуінде рингке көтерілді.

    Оның қарсыласы ресейлік Артур Субханкулов болды.

    Он раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасып, төрешілердің шешімімен ресейлік былғары қолғап шебері ұтты.

    Бұл - Абылайхан Құсайыновтың кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі.

    Айта кетейік, Америка құрама штаттарының Стоктон қаласында (Калифорния) өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлерді екінші раундта нокаутқа түсіріп, титулын екінші рет сәтті қорғады.

    "Алғашқы жеңіліс": қазақ баласы Мәскеуде өткен бокс кешінде ресейлік қарсыласына есе жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.