Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропадағы тағы бір мемлекет әлемдік бокс ұйымынан шығып кетті

Опубликовано:

Бокс қолғабы
Бокс қолғабы. Фото: pixabay.com

Швейцария бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығынан шұғыл түрде шығу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Швейцариялық федерация Халықаралық бокс қауымдастығының (ІВА) мүшелігінен шығып, жаңадан құрылатын ұйымға кіру туралы шешім қабылдады. Бұған Халықаралық Олимпиада комитетінің IBA-ға 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дейін қандай да бір ресми лицензиялық жарыстарды өткізуге құқық бермегені себеп болып отыр.

Сондай-ақ ХОК әлемдік бокс ұйымын жаппай жемқорлық пен этикалық нормаларды бұзғаны үшін айыптаған болатын. 2028 жылдан бастап бокс Олимпиада бағдарламасынан толығымен алып тасталады.

2021 жылы өткен Токио Олимпиадасы қарсаңындағы лицензиялық турнирлер мен олимпиадалық бәсекелерді Халықаралық олимпиада комитеті ұйымдастырғанын еске саламыз.

2019 жылдан бастап Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-ға бокстан олимпиадалық жарыстарды өткізуге тыйым салды.

Швейцария командасы 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатына бойкот жариялап, турнирге қатысқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2023082-europadagy-tagy-bir-memleket-alemdik-boks-uiymynan-sygyp-ketti/