Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлым хит қылып жіберді": Нұрбек Оралбайдың анасы егіз боксшыларға қалай қолдау көрсеткенін айтты

Опубликовано:

Нұрбек Оралбай, Кеңес Рақышев, Гүлнар Шағатайқызы марапаттау рәсімінде
Нұрбек Оралбай, Кеңес Рақышев, Гүлнар Шағатайқызы. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың анасы ұлдарының жекпе-жегін Ташкентте тамашалады. Ол егіздердің сыңары жеңілген соң, боксшыларды қалай қолдағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Естеріңізде болса, Нұрбек Оралбай сыңары Айбек ұтылған соң, ата-анасының Астанаға қайтып кетпек болғанын айтқан еді.

"Айбек жеңіліп қалған соң, көңіл-күйіміз түсіп кетті. Ташкентке арнайы барған едік. Бәріміз шай ішіп отырғанда ұлдарыма сөйледім. "Жеңбесеңдер біз не үшін келдік? Салмайсыңдар ма бар күштеріңді?!", - дедім. Бірақ Нұрбекке тиіп кетеді деп ойламадым. Екеуін бірдей көремін ғой. Екеуін бөлмеймін. Айбек жеңілістен соң қатты ренжіп, сөйлемей қойды. Содан қайта бергеніміз дұрыс шығар деп түйдім.

"Кете берейік онда. Сен өзің келерсің", - дедім Нұрбекке. Сөйтсем Нұрбек ұлым: "Мама, мен ше? Мен ше?", - дейді. "Сені теледидардан көреміз", - деп алдап қоямын. Құдайға шүкір, қасында болдық. Қолдадық. Нұрбек чемпион болғанда қобалжыдым. Ұтылып қала ма деп, қорықтым.

Кейін қалай қуанғанымды білмей, "Қазақстан, Қазақстан", - деп айғайлай беріппін. Алла балаларымды тіл-көзден сақтасын. Екеуі егіз болғанымен, Айбектің мінезі тұйықтау. Ал Нұрбегім ашықтау. Ашық болған соң ғой, анасын бүкіл елге хит қылып жібергені", - деп күлді чемпионның анасы Гүлнар Шағатайқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022967-ulym-xit-qylyp-ziberdi-nurbek-oralbaidyn-anasy-egiz-bokssylarga-qalai-qoldau-korsetkenin-aitty/

pixel