Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санжар Тәшкенбай қатыспайды: Астанадағы ірі халықаралық сында ел намысын кімдер қорғайды

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай жекпе-жектен соң
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

27 маусым мен 2 шілде аралығында Астанада бокстан "Елорда кубогі" халықаралық турнирі өтеді. Аталған сынға қатысатын отандық боксшылар анықталды, деп хабарлайды бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлер арасында 48 келіге дейінгі салмақта 2021 жылғы әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов бақ сынайды. Ал осы салмақтағы биылғы чемпион Санжар Тәшкенбай қатысушылар тізімінде жоқ.

51 келіде әлем чемпионы Сәкен Бибосынов, әлем чемпионатының қола жүлдегері Ержан Жомарт, Қазақстан чемпионы Даниал Сәбитұлы бар.

Махмұд Сабырхан 57 келіге ауысқан соң, 54 келіде Дәулет Молдашев, Бекзат Алдамжаров бастаған жас боксшылар өзара мықтыны анықтайды.

57 келінің басты жұлдыздары - әлем чемпионы Махмұд Сабырхан және 2021 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Серік Теміржанов. Сондай-ақ тәжірибелі Оразбек Асылқұл да осы салмақта.

60 келіде Жексен Бейбарыс, Бекнұр Ожанов, Жолдас Жеңісов сынға түссе, 63,5 келіде Қазақстан атынан 11 боксшы жұдырықтасады. Олардың қатарында Азия чемпионатының жүлдегері Санатәлі Төлтаев бар.

67 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов, 71 келіде әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов, жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері Талғат Шайкен бақ сынайды.

75 келіде Нұрқанат Райыс бастаған боксшылар, 80 келіде әлем чемпионы Нұрбек Оралбай бастаған спортшылар жүлдеге таласады.

86 келіде Шаймұрат Құсайынов, 92 келіде Сағындық Тоғамбай, Айбек Оралбай, +92 келіде Қамшыбек Қоңқабаев, Дамир Тойбай, Нұрлан Сапарбай сынды боксшылар өнер көрсетпек.

"Елорда кубогі" турниріне 12 елден келген 200-ден астам спортшы бақ сынайды. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа елдердің өкілдері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2026408-sanzar-taskenbai-qatyspaidy-astanadagy-iri-xalyqaralyq-synda-el-namysyn-kimder-qorgaidy/