jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Елорда кубогі": Махмұд Сабырхан моңғолиялық боксшыны бет қаратпай жеңді (видео)

    боксшы
    Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогі" халықаралық турнирінде Махмұд Сабырхан жеңіліссіз келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Олимпиадалық салмақ саналатын 57 келіге ауысқан Махмұд Сабырхан турнирдің екінші айналымында Моңғолия боксшысымен кездесті.

    Жекпе-жек толықтай Махмұдтың бақылауымен өтті. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берген.

    Айта кетелік, турнирдің бірінші айналымында Махмұд 57 келідегі үздік боксшылардың бірі Оразбек Асылқұловты 4:1 есебімен ұтқан болатын.

    Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Бұл салмақ дәрежесі Олимпиада бағдарламасына енбегендіктен, боксшы 57 келіге ауысып, өз күшін сынауда.

    "Елорда кубогінде" 57 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған боксшы Париж Олимпиадасына лицензия беретін Жазғы Азия ойындарына қатысады.

    "Елорда кубогі": Махмұд Сабырхан моңғолиялық боксшыны бет қаратпай жеңді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.