jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Махмұд Сабырханның еліміздегі басты қарсыласы Серік Теміржанов келесі кезеңге өтті

    Серік Теміржанов
    Серік Теміржанов. Фото: olympic.kz

    Астанада бокстан "Елорда кубогі" турнирі жалғасып жатыр. Бүгін әлемнің вице-чемпионы Серік Теміржанов кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Теміржанов турнирдің екінші айналымында тәжікстандық Искандербек Рустамовпен кездескен болатын.

    Бұл жекпе-жек әлем чемпионатының жүлдегеріне айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Ол 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

    Айта кетелік, бұл салмақта Серік Теміржановтың басты қарсыласы Махмұд Сабырхан болмақ. 54 келідегі боксшы олимпиадалық салмаққа ауысқан болатын.

    Серік Теміржанов Токио Олимпиадасының қатысушысы, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері саналады.

    Махмұд Сабырханның еліміздегі басты қарсыласы Серік Теміржанов келесі кезеңге өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.