jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин жеңе алмаған Сауль Альварес америкалық боксшыға қарсы шықпақ

    Сауль Альварес
    Сауль Альварес. Фото: Gettty Images/ Handout / Handout

    Мексикалық Сауль Альварес кәсіби бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы rsport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Альварестің қарсыласы - америкалық Джермелла Чарло.

    Жекпе-жек 30 қыркүйек күні Американың Лас-Вегас қаласында өтпекші. Әзірге боксшылардың қандай салмақта жұдырықтасатыны белгісіз.

    32 жастағы Сауль Альварес кәсіби рингте 59 рет жеңіске жеткен. Оның ішінде 30 кездесуді нокаутпен аяқтаған.

    Ол WBA Super, WBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы саналады.

    Ал 33 жастағы Чарло бірінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы. Ол 35 кездесудің біреуінде жеңіліп, біреуін тең аяқтаған.

    Головкин жеңе алмаған Сауль Альварес америкалық боксшыға қарсы шықпақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.