jitsu gif
Спорт

    "Көңіліміз қалды": Мырзағали Айтжанов әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың сыңарына ренішін білдірді

    Айбек Оралбай үзіліс кезінде. Ташкент, 1 мамыр 2023 жыл
    Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    Бокстан Азия чемпионы Айбек Оралбай Астанадағы "Елорда кубогі" турнирін сәтсіз аяқтады. Осыған орай, бас бапкер Мырзағали Айтжанов пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Бұл салмақта №1 боксшымыз Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегін Тәжікстан боксшысына қарсы өткізіп, өз деңгейінде өнер көрсете алмады. Жартылай финалда салмағы асып кетіп, шығып қалды. Бұл ережені бұзу, тәртіпті сақтамағандықты көрсетеді. Бұған сәл де болса, көңіліміз қалды.

    Еліміздегі турнирде тәртіп сақталмаса, үлкен жарыстарда қиын болады. Алдағы уақытта келеңсіз жайт қаралып, шара қолданамыз. Финалда Данияр Рахымбердинов 3 мәрте нокдаунға түссе де, шыдамдылығын танытты", - деді Айтжанов.

    Бұл салмақта Сағындық Тоғамбай чемпион атанды.

    Айта кетелік, Айбек Оралбай Ташкенттегі әлем біріншілігінің екінші айналымда ұтылған еді. Ал оның сыңары Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды.

    "Көңіліміз қалды": Мырзағали Айтжанов әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың сыңарына ренішін білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.