
Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін деген ақпарат тарады. Осыған орай, Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Болат Манкенов өз пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Егер коммерциялық тұрғыдан қарайтын болсақ, мұның қаншалықты тиімді екенін білмеймін. Себебі мұндағы негізгі кіріс ақылы трансляциялардан түседі. Ал бізде өткізілсе, уақыт айырмашылығы үлкен болмақ.
Мүмкін, Головкиннің командасы өз отанында соңғы кездесу өткізісі келген шығар. Десе де, ресми мәлімдеме әлі айтылған жоқ. Бұл кезекті маркетингтік айла болуы да мүмкін.
Егер Гена Қазақстанда кездесу өткізетін болса, бұл бүкіл халыққа қызықты болары сөзсіз. Бірақ мұндай жекпе-жек үлкен шығынды талап етеді", - деді Болат Манкенов.
Айта кетелік, Геннадий Головкин барлық чемпиондық белбеулерінен бас тартып, әлемдік рейтингте бесінші орынға сырғыды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2028203-bul-ulken-sygyn-boks-mamany-golovkinnin-qazaqstanda-zekpe-zek-otkizuine-qatysty-oiyn-aitty/