jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Күтіп қалдым": Қамшыбек Қоңқабаев Ташкентте әйгілі өзбек қарсыласынан неге ұтылғанын айтты

    Бахадүр Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаев
    Бахадүр Жалолов пен Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    Бокстан Қазақстан командасының аса ауыр салмақтағы мүшесі Қамшыбек Қоңқабаев Ташкенттегі жеңілісіне қатысты алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы Qazaq Ring подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Өзімді жақсы формада болдым деп есептеймін. Жақсы дайындықпен бардым. Екі жекпе-жек ұтып, үшінші кездесуде баяғы қарсыласым Бахадүрмен бокстастым.

    Негізі ағайлармен келісіп, тактиканы өзгертемін деп ойладым. Ол үнемі маған қарай ұмтылады ғой. Сол кезде қарсы шабуылға көшемін деп жоспарлағам.

    Рингте бәрі ойдағыдай бола бермейді. Ол маған мүлде ұмытылмады. Тәжірибелі боксшы ғой. Ойдағыдай болмады. Үшінші раундта тактиканы өзгертіп, алға қарай жүрдім. Тек оңғы кезеңде соққыларымды өткіздім.

    Қарымта шабуыл жасаймын деген ойда болған соң, оны күтіп қалдым. Ал үшінші раундта баяғы өзімнің тактикаммен, алға жүрдім", - деді Қоңқабаев.

    Айта кетелік, Ташкенттегі әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Бахадүр Жалоловтан жеңілген болатын.

    Екі спортшы бүгінге дейін сегіз рет кездесіп, оның басым бөлігінде өзбек боксшысы жеңіске жеткен.

    "Күтіп қалдым": Қамшыбек Қоңқабаев Ташкентте әйгілі өзбек қарсыласынан неге ұтылғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.