Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есе қайтқан жоқ: Дулат Бекбауов Ташкентте жеңілген өзбек боксшысынан тағы да ұтылды

Опубликовано:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшылар Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) дәстүрге айналдырған "Чемпиондар түні" шоуына қатысты. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл жолы біздің елден арнайы шақыртуды Дулат Бекбауов, Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен Валентина Хальзова алды. Олардың қарсыласы қазіргі кездегі ең үздік былғары қолғап шеберлері болды. Жекпе-жек форматы ерлер үшін 3 минуттан 5 раунд болса, әйелдер үшін екі минуттан 5 раундты құрады. Осы тұста әйелдер де шлемсіз жұдырықтасқанын айта кетейік. Барлық айқас Таиландтың Пхукет аралында өтті.

Сегізінші жұпта 2016 жылы әлем чемпионы атанған отандасымыз Валентина Хальзова Түркиядан келген Элиф Гюнермен кездесті. Екі боксшы 75 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жегін өткізді. Хальзова салмақ қосса, қарсыласы керісінше, салмақ тастап, жеңілдеу салмаққа енді ауысқан. Қазақстандық бірінші минуттан бастап тізгінді өз қолына алып, қашықтан түрік спортшысының қорғанысын сәт сайын бұзып отырды. Стратегия, техника, жылдам әрі сәтті шабуылдар Валентин Хальзоваға сенімді жеңіс сыйлады. Айта кетейік, жекпе-жектен кейін біздің спортшы Қазақстан туымен рингте құрмет шеңберін жасады.

"Әрине, өте жақсы тәжірибе болды. Бірінші рет кәсіби рингте өнер көрсеттім. Бәрі қалай өтер екен деп, уайымдағам. Бұл менің өмірімнің қызықты кезеңі және жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жаттықтырушыма, барша Қазақстанға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын" - деді Валентина Хальзова жекпе-жектен кейін.

Ал 63,5 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы әлем чемпионатының қатысушысы, өзбекстандық Муджибилло Тұрсыновпен күш сынасты. Қазақстандық бұл жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда шақырту алғанын айта кеткен жөн. Олардың жекпе-жегі тоқтаусыз жылдам шабуылдардың арқасында бокс кешінің сәніне айналды. Бұл ретте, шоудың ең жас қатысушыларының бірі қарсыласы баспен шабуыл жасаған соң ернін жарақаттап алды. Нәтижесінде тәжірибелі Тұрсынов жеңіске қол жеткізді.

Екінші Орталық Азия дербиін Дулат Бекбауов пен Асадхуджа Муйдунхуджаев жұбы құрады. Айтпақшы, бұл екі боксшыларының арасындағы үшінші шайқас. Олар соңғы рет Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалында кездесті. Бекбауовтың көптеген екпінді соққыларына қарамастан, бұл жолғы 71 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жек өзбекстандықтың пайдасына шешілді.

Басқа жекпе-жектерде Ресейден келген Олимпиада жүлдегері Имам Хатаев екі дүркін Олимпиада чемпионы кубалық Арлен Лопесті жеңіп кетті. "Чемпиондар түнінің" басты жекпе-жегінде 5 дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Олимпиада чемпионы кубалық Хулио Ла Круз испаниялық Энмануэль Рейес Планы жеңді. Осылайша, жеңімпаздар чемпион белбеуі мен 10 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қорын алды, екінші орын иегерлеріне 5000 АҚШ доллары берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2028847-ese-qaitqan-zoq-dulat-bekbauov-taskentte-zenilgen-ozbek-bokssysynan-tagy-da-utyldy/

pixel