jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    WBC белгілі қазақстандық боксшыны "жазалады"

    Қамшыбек Қоңқабаев рингте
    Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты. Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев үздіктердің тізімінен шығып қалған, деп хабарлайды Sports.kz.

    Бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев үздік-40 боксшының қатарынан шығып қалды. Өткен айда отандық былғары қолғап шебері тізімнің отызыншы сатысында тұрған болатын.

    Кеңестің бұндай шешімді қабылдауына спортшының кәсіпқой рингте жиі жекпе-жек өткізбеуі себеп болуы мүмкін.

    Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаевтың соңғы кездесуі 2022 жылдың наурыз айында өткен. Сол кезде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен Өзбекстан өкілі Фаррух Джураевты жеңген еді.

    Қамшыбек Қоңқабаев - әуесқой бокспен қәсіпқой боксты қатар алып жүрген спортшы.

    WBC белгілі қазақстандық боксшыны "жазалады"

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.