jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Мәдениет және спорт министрі Бейбіт Шүменовтің әрекетіне байланысты пікір білдірді

    Бейбіт Шүменов
    Бейбіт Шүменов. Фото: instagram.com/beibutshumenov

    Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовтің айналасындағы шуға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    "Шүменов туралы мынаны айтамын, қазір құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Ішкі істер министрлігі пікір білдіріп те қойды. Ресми қорытындыдан кейін қосымша түсінік білдіре аламыз. Ол іс қазір құқықтық алаңда қаралып жатыр. Осыған байланысты бірнеше баспасөз хабарламасы да шықты", - деді Асхат Оралов.

    Осы орайда министр заң алдында бүкіл қазақстандықтың құқығы мен міндеті бірдей екенін еске салды.

    "Бұл - құқықтық алаң, әр адам кәсібіне, қызметіне қарамастан, өз сөзі мен әрекеті үшін жауап береді, оның үстіне жеке өмірі болса. Сондықтан ол өз әрекеті үшін құқықтық алаңда жауап береді", - деді Асхат Оралов.

    Айта кетсек, осыған дейін боксшы Бейбіт Шүменов 2 күннен бері іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

    Астанададағы сауда орталығында бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов қолында баласы бар адамды ұрып-соққанын жазған едік. Бұл ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев растады.

    Кейін боксшы Бейбіт Шүменов балалы ер адаммен не үшін төбелесіп қалғанын айтып, жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

    Сонымен қатар еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалы ер адамды ұрған Бейбіт Шүменовті тағы бір бап бойынша жауапқа тартуды ұсынған еді.

    Одан бөлек, ІІМ Астананың сауда орталығында болған Бейбіт Шүменовтің төбелесіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын жазған едік.

    Мәдениет және спорт министрі Бейбіт Шүменовтің әрекетіне байланысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.