Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джейк Пол - Нейт Диас: жылдың ең әйгілі жекпе-жегінің бірінде жеңісті кім қанжығасына байлауы мүмкін

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

Бокс жанкүйерлері 6 тамыз күні ерте оянғандары абзал: өйткені Далластағы "American Airlines" стадионында Джейк Пол мен Нейт Диас арасында жекпе-жек өтеді. Parimatch сарапшылары жылдың ең аты-шулы жекпе-жектерінің бірінде кім жеңімпаз болатынын болжады.

Джейк Пол (6-1, 4 КО)

1997 жылы Огайо штатының Кливленд қаласында дүниеге келген. YouTube блогер және шоумен ретінде танымал болды, сонымен қатар өзін музыка саласында сынап көрді. Ол өзінің үлкен ағасы Логанның блогер – KSI-мен өткен жекпе-жектің андеркардында әуесқойлық дебютін жасап, Деджи Олатунджиді техникалық нокаутпен жеңді.

Джейк кәсіби боксты шайқасты соңына жеткізбей, қатарынан үш нокаут жасап бастады - одан Ali Еson Gib блогері, NBA-ның бұрынғы ойыншысы Нейт Робинсон және бұрынғы Bellator чемпионы Бен Аскрен есе жіберген. Әрі қарай қарсыластар деңгейі өсті: Кіші Пол UFC-дің экс-чемпиондары Тайрон Вудли мен Андерсон Силвамен ауыр жекпе-жек өткізді, оған қоса "Т-Вудпен" екі рет шайқасқа түскен. Алайда Джейк өзінің соңғы жекпе-жегінде Томми Фуриге төрешілердің бөлек шешіммен жол беріп, жеңіліске тап болды.

Полдың мықты жақтарына келетін болсақ, оның соққысы жақсы қойылғанын атап өткен жөн - сондықтан қарсыластарын нокаутқа жібере алады. Алайда оның бокстағы техникасы мінсіз деп айтуға келмейді, бірақ дебютті кешірек бастағынын ескеретін болсақ, жаман деп айтуға да келмейді. Сондай-ақ жоғары қарқынды шайқаста төзімділігі жетпей қалып жатады: бұл жағдай Томми Фуримен болған жекпе-жекте Джейк шайқастың бірінші жартысында көп күш жұмсап қойғаны байқалды.

Нейт Диас (21-13 ММА, 0-0 бокс)

1985 жылы Калифорния штатының Стоктон қаласында дүниеге келген. Ол бокспен және бразилиялық джиу-джитсумен ерте жастан айналыса бастады, өйткені ол қылмыс көп болатын қалада тұрғандықтан, жиі төбелесуге мәжбүр болатын. Диастың осы спорт түріне келуінің маңызды факторы - үлкен ағасы Ник, содан кейін ол ММА-да жаттығып, өнер көрсете бастады, онда ол 2004 жылы 19 жасында дебют жасады.

Нейт 2007 жылы The Ultimate Fighter реалити-шоуында жеңіске жетіп, UFC-ге келді. Содан бері кіші-Диас әлемнің басты ММА лигасында үздік және өте әсерлі спортшы ретінде бекітілді: "Стоктон гангстері" көрсеткен өнерлері үшін 16 рет бонус алды, оның 8–і кештің үздік жекпе-жегі үшін. Алайда ұзақ уақыт бойы UFC-дің жеңіл салмақтағы үздік 10-дығына кіргеніне қарамастан, ол титулды сол бетімен бағындыра алмады. Бірақ 2016 жылы ол Конор Макгрегормен екі рет төбелесіп, көпшілікке танымал болды. Нейт 2022 жылдың қыркүйегінде Тони Фергюсонды тұншықтыру тәсілін қолданып жеңіп, соңғы жекпе-жегін өткізген, содан кейін боксқа ауысу туралы шешім қабылдады.

Диастың негізгі артықшылығы ол тұрыстағы шайқас жүргізу-оның төзімділігі мен соққыны жақсы көтере алу қабілеті: ол шайқасты басынан аяғына дейінгі уақытта қарқынды өткізе алады және ең ауыр соққыларға төзіп бере алады. Оның бокстағы техникасы "үйлесімсіз" болып көрінеді, соның арқасында қарсыласы оның әрекетін болжауға қиналады. Бірақ басты мәселе Нейттің өмір жасында және оның мотивациясында жатыр: ол 38 жаста және UFC-дегі соңғы жекпе-жектерде ол өте босаңсыған сияқты болып көрінді.

Parimatch аналитикасы мен коэффициенттері

Parimatch сарапшыларының пікірінше, Джейк Пол бұл жекпе-жектің айқын фавориті болып көрінеді: оның жеңіске жету коэффициентін 1.25-ке теңестіріп отырса, Диасқа 4.67 ұсынып отыр. Бұл тұжырым Джейктің қарсыласынан 12 жас кіші болғанынан және нокаутқа жіберетін соққыға ие екендігінен туындайды.

Дегенмен жағдай біз ойлағандай қарапайым емес. Нейт Диастың өткізген баспасөз мәслихаты мен оның дене дайындығына сүйене отырып, ол бұл жекпе-жекте жеңісті қанжығанысына байлауды көздеп отырғаны анық. Демек, ол бірінші болып бастайды және көп соққы жасайды, оған оның төзімділігі мүмкіндік береді. Джейк Полдың проблемалары туралы да ұмытпағанымыз жөн: оның тәжірибесі айтарлықтай аз және ол бірінші раундтарда көп күш жұмсайды, бұл жағдай Нейттің пайдасына ойнайтыны анық. Егер Диас қарқынды шайқас жүргізуге мәжбүр етіп, қарсыласын шаршатса, оның жеңіске жету мүмкіндігі өте жоғары.

Джейк Пол мен Нейт Диастың шайқасына ұтыс тігіп, Parimatch-пен бірге жарқын эмоциялар алыңыз! Жаңа ойыншыларға арналған арнайы ұсыныс-шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін +300%. Бонусты алыңыз да, игілігіңізге жұмсаңыз!

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2031325-dzeik-pol-neit-dias-zyldyn-en-aigili-zekpe-zeginin-birinde-zenisti-kim-qanzygasyna-bailauy-mumkin/

pixel