jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қолдана алмаймын": АҚШ-та тұратын Василий Жиров Қазақстан төлқұжатын не істеді

    Василий Жиров шаршы алаңда
    Василий Жиров. Фото: instagram/vasiliy_zhirov

    Әйгілі қазақстандық боксшы Василий Жиров Қазақстан төлқұжатын сақтап қойған. Бұл туралы fightnews.info сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кәсіби бокстан әлем чемпионы Василий Жиров ұзақ уақыттан бері АҚШ-та тұрады. Ол Қазақстан заңы рұқсат етпесе де, өз елінің төлқұжатын сақтап қойғанын айтты.

    "Мен өзімді әлемнің адамы деп есептеймін. Қазақстандық төлқұжатым бар, бірақ қос азаматтыққа рұқсат болмағасын, оны қолдана алмаймын. Қазақстанда менің отбасым, анам, бауырларым мен қарындастарым қалды. Көптеген досым да бар. Өзімді толысқан адаммын деп есептеймін бе? Әлі мұнымен жұмыс істеудемін. Бұл біздің бүкіл өміріміздің жұмысы. Ал боксшы ретінде жетістіктерге жеттім", - деді Жиров.

    Василий Жиров Қазақстан құрамасы сапында 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының жеңімпазы атанған.

    "Қолдана алмаймын": АҚШ-та тұратын Василий Жиров Қазақстан төлқұжатын не істеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.