Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі бітті деп ойладым": допингпен ұсталған отандық боксшы атышулы жағдай туралы алғаш рет айтты

Опубликовано:

Саматәлі Төлтаев шаршы алаңда жұдырықтасуда
Саматәлі Төлтаев қызыл жейдеде. Фото: kfb.kz

Бокстан ұлттық құрама мүшесі Саматәлі Төлтаев алғаш рет допинг дауы туралы сөз қозғады. Бұл туралы Sportnama подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Әлем чемпионаты қарсаңында спарринг болып, мен жақсы өнер көрсеттім. Чемпионатқа барамын деп жүрдім. Наурыздың ортасында осы жаңалық болды. Бұл хабарды құраманың допингке қарсы бөлімі жеткізді. Басында түсініспеушілік болды. "Қалай бұл? Ондай нәрселерді ішпегем", - деп... Шокта болдым. Санатәлі бауырым екеуміз өмірі витамин ішпейтінбіз.

Менің терімде проблема болып, дәрігерге хабарластым. Ол құрамында мырыш бар витамин ішуімді тапсырды. Үйде мырышы бар дәрінің қорабын көріп, соны екі аптадай ішіп жүрдім. Содан соң оқу-жаттығу жиынына кеттік. Үйге келген соң ағамнан мырышы бар витаминдер туралы сұрадым. Сөйтсем, ағам оның құрамында басқа да дәрілер барын айтты. Аңғалдық болды. Білместік. Өзім кінәлімін. Бәрі бітті деп ойладым", - дейді ол.

Саматәлі Төлтаев қиын кезеңде құрама бапкері Мырзағали Айтжанов пен командаластары қолдау көрсеткенін айтты.

Еске сала кетейік, Саматәлі Төлтаев допинг қолданғаны үшін 2023 жылдың 3 наурызынан 2026 жылдың 3 наурызына дейін спорттан шеттетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2032484-bari-bitti-dep-oiladym-dopingpen-ustalgan-otandyq-bokssy-atysuly-zagdai-turaly-algas-ret-aitty/

pixel