jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қанат Ислам кардқа шығармады": белгілі бапкер танымал боксшыға өтінішпен барған кезін еске алды

    Мұхит Амантаев
    Мұхит Амантаев. Фото: instagram/mukhit_amantayev

    Бұрынғы боксшы, бүгінде бапкер атанған Мұхит Амантаев Қанат Исламға қатысты ойын айтты. Бұл туралы Abay Live подкастына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қанат Ислам ағамыздың жасы бізден үлкен. Аға деп сыйлаймыз. Ол кісіге хабарласқам. Алматыда оның бокс кеші өтті.

    "Сол кешке кіргізіңіз. Бокстасайын. Мені алыңызшы. Қатты шыққым кеп жүр", - деп айттым. Болмай қалды ма, қандай жағдай болғанын білмейміз ғой. Мені кардқа қойған жоқ. Тағы да ел білетін бір-екі жігітке бардым. Олардың қолынан келеді негізі. Көмектескісі келмеді деп ойлаймын.

    Ал бокстан мүлде хабары жоқ, менімен бір залда жаттықпаған Азамат деген ағамыз екі жарым миллион беріп, менімен Петербургке еріп барып, қолдау көрсетті.

    Қазақтың осындай бай-бақуатты, олигарх жігіттергі боксшыларға қолдау көрсетіп, Америкаға, Мексикаға апаруына жағдай жасаса, жақсы болар еді. Алда бір жақсылықтың боларына сенемін", - деді Мұхит Амантаев.

    "Қанат Ислам кардқа шығармады": белгілі бапкер танымал боксшыға өтінішпен барған кезін еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.