jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының тізімі белгілі болды

    Елорда кубогы Халықаралық турнирі
    Елорда кубогы Халықаралық турнирі. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын бокстан Қазақстан ерлер құрамасының тізімі жарияланды. Бұл туралы федерация Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

    Бокс федерациясының мәліметінше, жазғы Азия ойындарында ел намысын жеті боксшы қорғайды.

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы тізімі:

    • Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін);
    • Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін);
    • Ертуған Зейнуллинов (63,5 келіге дейін);
    • Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін);
    • Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін);
    • Сағындық Тоғамбай (92 келіге дейін);
    • Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары).

    "Мырзағали Айтжановтың бапкерлер штабы Қытай рингіне мықтының мықтысын алып шығады. Олардың кейбіреулері Ташкентте өткен біз үшін тарихи әлем чемпионатынан кейін, басқалары Астана-2023 халықаралық Elorda Cup турнирінің қорытындысы бойынша бәсекеге қатысуға мүмкіндік алды", - делінген федерация хабарламасында.

    Айта кетейік, Азия ойындары биыл 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Надежда Дубовицкая алып шығады. Бұл додада жалпы жиынтығы 40 медаль сарапқа салынады.

    Бокстан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының тізімі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.