jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда бокстан әлем чемпионаты өтеді

    Жайна Шекербекова
    Жайна Шекербекова. Фото: kfb.kz

    Қазақстанда бокстан әйелдер арасындағы XIV әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы отандық бокс федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ресми келісімге Халықаралық бокс қауымдастығының (IBА) вице-президенті Абдулмуталим Абакаров пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев қол қойды.

    Әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты 2024 жылдың қазан айында Астанада өтеді. Бұл жарысы Қазақстанда өткізу туралы шешімді IBA директорлар кеңесі Ташкентте-2023 әлем чемпионатындағы ресми отырысында қабылдады.

    "Астанадағы бокстан әлем чемпионаты Қазақстандағы осы спорт түрінің күші мен рухын тағы бір рет көрсетудің тамаша мүмкіндігі! Еліміз бокстан негізгі жарысты лайықты түрде алып отыр. Оған себеп – жерлестеріміздің әлемдік рингтегі жоғары нәтижелері. Шаршы алаңдағы жұлдыздарға қарай отырып, бізде өскелең ұрпақ өкілдерінің жаңа толқыны өсіп шығатыны сөзсіз", - деді ҚБФ президенті Кеңес Рақышев кездесуден кейін.

    Бірінші орын үшін ұйымдастыру комитеті боксшыларға 200 000 доллар береді, ал жалпы жүлде қоры барлық 12 салмақ бойынша 4,8 миллион долларды құрайды. Бұл сомаға ұлттық құрамалардың бас бапкерлеріне тиесілі 10% кіреді.

    Айта кетейік, Қазақстанның астанасында бұған дейін 2016 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты өткен болатын.

    Қазақстанда бокстан әлем чемпионаты өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.