Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингіcі жаңарды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Аталған тізімді Қазақстан боксшылары да бар.
Ауыр салмақта Иван Дычко 10-орында қалды, ал 14-орында тұрған Жан Кособуцкий рейтингтен шығып кетті.
Бірінші ауыр салмақта бұрын 15-ші болған Серік Мұсаділов енді үздіктер қатарында емес.
Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақ рейтингісінде 10-орнын сақтап қалды. Бұл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы — мексикалық боксшы Саул "Канело" Альварес.
Екінші жартылай жеңіл салмақ рейтингінде Сұлтан Заурбек 6-орынға көтерілді.
Екінші ең жеңіл салмақта Евгений Павлов 4-орынға көтерілді. Енді ол Өзбекстан боксшысы Муроджон Ахмадалиевтен қалып келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2034881-alemdik-uiym-zekpe-zekte-oreskel-ereze-buzgan-otandyq-bokssyny-reitingiden-sygaryp-tastady/