Жазғы Азиада: Махмұд Сабырхан кореялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді
Опубликовано:
Бокстан Қазақстан құрамасы үздіктерінің бірі Махмұд Сабырхан Азия ойындарының келесі кезеңіне өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
57 келі салмақта сынға түсетін Махмұд Сабырхан бірінші айналымда Оңтүстік Корея өкілі Ли Йен Чанмен кездескен болатын.
Бұл кездесу қазақ боксшысына айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Махмұд 5:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті.
Айта кетелік, бұған дейін Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) Азия ойындарын сәтті бастаған болатын.
Жазғы Азия ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатыр. Кешенді жарыс 8 қазан күні аяқталады.
- "Қуанып та, өкініп те тұрмын": Азиадаға төртінші рет қатысқан Эльмир Алимжанов жекелей сындағы алғашқы медалін жеңіп алды
- Эльмир Әлімжанов шпагамен семсерлесуден Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038246-zazgy-aziada-maxmud-sabyrxan-koreyalyq-qarsylasyn-aiqyn-basymdyqpen-zendi/