Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуанып та, өкініп те тұрмын": Азиадаға төртінші рет қатысқан Эльмир Алимжанов жекелей сындағы алғашқы медалін жеңіп алды

Опубликовано:

Эльмир Алимжанов ширек финалдағы жеңістен соң
Эльмир Алимжанов. Фото: Сали Сабиров

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының үздігі Эльмир Алимжанов жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Кездесуден соң сұхбат берген спортшы кездесуді қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кездесуден соң екіұдай сезімде тұрмын. Қуаныш та, өкініш те бар. Мен өзім қатысқан төртінші Азия ойындарында алғаш рет медаль алып отырмын. Ширек финалда қытайлық спортшыны жеңгенде қатты қуанғаным да содан. Бұл жүлдені көп күттім. Бірақ қола емес, алтын болғанда деген өкініш жоқ емес.

Десе де, бұл медаль үшін де ерекше қуаныштымын. Өйткені, қарсыласым өте мықты спортшы. Қазір әлемдік рейтингте бірінші орында тұр және Жапония сапында әлем чемпионы атанған. Онымен талай рет кездестім, бүгін жеңіс қарсыластың қанжығасында кетті.

Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Жыл бойы сол бәсекеге ұпай жинаймыз. Қазір әлемдік рейтингте Жапониядан соң екінші орында келеміз.

Бұл жеңісімді өзімнің отбасыма, қыздарыма арнаймын. Отбасымның қазір мен үшін қатты қуанып жатқанын сезіп отырмын. Қазақстан, алға!", - деді Алимжанов.

Еске сала кетейік, Эльмир Алимжанов әлемдік ареналарда ұзақ жылдар бойы Қазақстан намысын қорғап келеді.

Оның кәсіби спортта жүргенінен жалпы есебі 27 жыл толған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038241-quanyp-ta-okinip-te-turmyn-elmir-alimzanov-tortinsi-aziadasynda-algasqy-medalin-aldy/

pixel