jitsu gif
Спорт

    Эльмир Әлімжанов шпагамен семсерлесуден Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды

    Эльмир Алимжанов
    Эльмир Алимжанов. Фото: Сали Сабиров/olympic.kz

    Қазақстандық спортшы Эльмир Әлімжанов шпагамен семсерлесуден Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Эльмир Әлімжанов жартылай финалда өнер көрсетіп, ел қоржынына тағы бір қола медаль түсірді.

    Қазақстандық финалға жолдама үшін жапониялық спортшымен кездесіп, оған есе жіберді. Кездесу 9-15 есебімен аяқталды.

    Айта кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар әзірге екі күміс, алты қола иеленді.

    Дзюдодан Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, Мағжан Шамшадин, Эсмигул Куюлова мен Абылайхан Жұбаназар қола жүлдесіне ие болды.

    Сондай-ақ Николай Чирюкин де ел қоржынына Азия ойындарының қола жүлдесін түсірді.

    Оған қоса жылжымалы нысана көздеуден аралас жұптық сында Ислам Сәтбаев пен Александра Ли қола жүлдегер атанса, қазақстандық мергендер Асадбек Назиркулов, Бахтияр Ибраев және Андрей Худяков күміс жүлдеге ие болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.