jitsu gif
Спорт

    Ертуған Зейнуллинов аса тартысты кездесуде бокстан Азия чемпионын тізе бүктірді

    Ертуған Зейнуллинов
    Ертуған Зейнуллинов. Фото: Нұрғали Жұмағазы/Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындары жалғасуда. Бүгін шаршы алаңға шыққан боксшы Ертуған Зейнуллинов келесі айналымға өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    63,5 келіде сынға түсетін Ертуған 1/8 айналымда тәжікстандық боксшы Бахадур Осмоновпен қолғап түйістірген болатын.

    Бахадур Ташкентте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2019 жылғы Азия чемпионы саналады.

    Екі боксшы арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Жекпе-жек басталысымен екеуінің де қабағы жарылып, дәрігерлер екі спортшыға да бірнеше рет көмек көрсетті.

    Сондай-ақ, екі боксшы да бір-бірден нокдаун алды.

    Төрешілер тартысты кездесуде 3:2 есебімен жеңісті қазақ баласына берді.

    Айта кетелік, бүгін шаршы алаңға шыққан Назым Қызайбай мен Сағындық Тоғамбай да келесі кезеңге өткен болатын.

    Ертуған Зейнуллинов аса тартысты кездесуде бокстан Азия чемпионын тізе бүктірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.