Асаубаева мен Әбдімәлік Азия ойындарында жүлдеге іліге алмады
Опубликовано:
Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық шахматшы қыздар жарысты аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KR хабарлайды.
Жазғы Азия ойындарында шахматтан Қазақстан намысын Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік қорғаған болатын.
Бибісара жарысты бесінші орынмен, Жансая сегізінші орынмен тәмамдады.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Қытай қыздары алтын мен қоланы өзара бөліссе, күмісті Өзбекстан өкілі иеленді.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қазыбек Нөгербек 10, Ринат Жұмабаев 16-орыннан көрінді.
- Азиада-2023: Сағындық Тоғамбай моңғолиялық боксшыны мерзімінен бұрын жеңді
- "Алтыннан кейін жеңілдеп қалдық": Азиадада екі медаль алған Әсем Орынбай жеңісі туралы сөз қозғады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038417-asaubaeva-men-abdimalik-aziya-oiyndarynda-zuldege-ilige-almady/