"Ешкімге ренжімейміз": бокстан бас бапкер әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың жеңілісіне пікір білдірді
Опубликовано:
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов әлем чемпионы Нұрбек Оралбайдың жеңілісіне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Енді, барлық кездесуде жеңісті бере бермейді. Бұл - бокс. Сол себепті, біреуді кінәлауға болмайды. Тек өзіміз бір бас жоғары болуымыз керек. Менің ұстанымым сондай. Сондықтан ешкімге де ренжімей, шәкірттерімізді бір бас жоғары қылып дайындауымыз керек", - деді Мырзағали Құланұлы.
Еске сала кетейік, Нұрбек Оралбай бірінші кездесуінде қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанға есе жіберді.
Екі боксшы биылғы әлем чемпионатының финалында кездесіп, Нұрбек қарсыласынан басым түскен болатын.
Жазғы Азия ойындары жалғасып жатыр. Құрлық додасы 8 қазан күні мәресіне жетеді.
- "Бұл келесі кездесуге дайындық": Мырзағали Айтжанов Қоңқабаевтың жекпе-жегінен соң не айтты
- Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038897-eskimge-renzimeimiz-bokstan-bas-bapker-alem-cempiony-nurbek-oralbaidyn-zenilisine-pikir-bildirdi/