Қазақстан бокс құрамасының көшбасшысы Махмұд Сабырхан Азия ойындарындағы екінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Махмұд Сабырхан 57 келі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында кореялық О Таебоммен кездесті. Тартысты жекпе-жек 2:3 есебімен кореялық спортшының жеңісімен аяқталды.
Қазақстандық боксшы бірінші айналымда Оңтүстік Корея өкілі Ли Йен Чанмен кездескен болатын. Ол кездесуде отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаев 92 келі салмақ дәрежесінде Бахрейн өкілі Данис Латыповқа қарсы шығып, оны 5:0 есебімен жеңіп кетті.
Ал боксшы Назым Қызайбай Азия ойындарымен қош айтысты. Спортшы моңғолиялық қарсыласы Есугэн Оюунцэцэгке есе жіберді.
Сондай-ақ Сәкен Бибосынов та Азия ойындарында жеңіліс тапты. Ол өзбекстандық Хасанбай Дусматовқа жол беріп қойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038911-aziya-oiyndary-maxmud-sabyrxan-koreyalyq-qarsylasyna-ese-ziberdi/