Азия ойындары: Сәкен Бибосынов өзбекстандық қарсыласына есе жіберді
Жарияланған күні:
Бүгін Азия ойындарында көпшілік күткен Сәкен Бибосынов пен өзбекстандық Хасанбай Дусматов арасында жекпе-жек өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Азия ойындарының 1/8 финалында қазақстандық Сәкен Бибосынов пен 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматов кездесті.
51 келі салмақ дәрежесінде өткен тартысты кездесуде өзбекстандық боксшы жеңіп кетті.
Айта кетейік, Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан намысын 500-ден астам спортшы қорғап жатыр.
Бүгінде ел қоржынында 19 медаль бар. Отандастарымыз үш алтын, екі күміс, 14 қола жеңіп алды.
- Әділбек Мусин Ханчжоудағы Азия ойындарында жүзуден екінші рет жүлдеге ілікті
- Азия ойындары: бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2038637-aziya-oiyndary-saken-bibosynov-ozbekstandyq-qarsylasyna-ese-ziberdi/