jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Бек Нұрмағанбет "Канело" андеркардында қарсыласын нокаутпен жеңді

    Бек Нұрмағанбет
    Бек Нұрмағанбет. Видеодан кадр: instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli

    Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет Лас-Вегаста өткен бокс кешінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Нұрмағанбеттің де жекпе-жегі Аманқұлдың жекпе-жегі өткен жерде Лас-Вегаста орналасқан T-Mobile Arena-да болған. Нұрмағанбет Канело-Шарло супер жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетті. Қазақстандық боксшының қарсыласы нигериялық Абимбола Осундаиро болды.

    Супер орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылады деп жоспарланған болатын, бірақ ұзаққа созылған жоқ. Нұрмағанбет үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

    Осылайша бүгінде Бек Нұрмағанбеттің кәсіпқой бокстағы жеңістер саны 11, оның 9-ы нокаутпен аяқталған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін аталған бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтаған болатын.

    Бек Нұрмағанбет "Канело" андеркардында қарсыласын нокаутпен жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram