Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды. Отандасымыз жапониялық қарсыласына жол беріп қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асланбек төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен жапониялық Севон Окадзаваға есе жіберді.
Айта кетейік, 3 қазан Қазақстан қоржынына бірнеше жүлде салынды.
Алдымен тас жолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанса, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ Мария Бровкова да ел қоржынына медаль салды. Ол 200 м қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
Әйелдер арасында каноэде есуден жұптық сында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.
Оған қоса тасжолдағы веложарыста сынға түскен ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Луценко топ жарып, Азиаданың алтын жүлдегері атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2039336-bokssy-aslanbek-symbergenov-aziya-oiyndarynda-qola-zuldeni-ensiledi/