Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Луценко Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды

Опубликовано:

Алексей Луценко Азия ойындарында
Алексей Луценко Азия ойындарында Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде салынды. Тасжолдағы веложарыста сынға түскен ұлттық құраманың көшбасшысы Алексей Луценко мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Луценко тасжолдағы веложарыста 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтын медалін еншіледі.

Отандасымыз енді Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы болды.

Айта кетейік, 3 қазан Қазақстан құрамасы үшін жүлделерден басталды.

Алдымен тас жолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанса, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Мария Бровкова да ел қоржынына медаль салды. Ол 200 м қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Әйелдер арасында каноэде есуден жұптық сында Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039309-aleksei-lucenko-aziya-oiyndarynyn-altyn-zuldegeri-atandy/

pixel