Қазақстандық спортшылар каноэде есуден тағы бір күміс медаль иеленді
Опубликовано:
Азия ойындарында каноэде есуден Қазақстан намысын қорғаған Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Каноэде ескек есуден жұптық сайыста қазақстандық спортшылар 200 м қашықтықты 46 секундта бағындырып, екінші келді.
Айта кетейік, 3 қазан Қазақстан құрамасы үшін жүлделерден басталды.
Алдымен тас жолдағы велоспорттан ел намысын қорғаған Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанса, ағайынды Емельяновтар каноэде есуден жұптық сында күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ Мария Бровкова да ел қоржынына медаль салды. Ол 200 м қашықтыққа каноэде есуден жекелей сында үшінші (49.368 секунд) болып, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
- "Алтыннан үмітті едім": Азиадада қола алған Мария Бровкова жарыстан кейін әсерін бөлісті
- Азия ойындары: ағайынды Емельяновтар ел қоржынына сегізінші күміс медальді салды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2039254-qazaqstandyq-sportsylar-kanoede-esuden-tagy-bir-kumis-medal-ielendi/