Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қамшыбек Қоңқабаев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев пен Мырзағали Айтжанов
Қамшыбек Қоңқабаев пен Мырзағали Айтжанов. Фото: Сали Сабиров

Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғаған боксшы Қамшыбек Қоңқабаев құрлықтық доданың күміс жүлдегері атанды. Спортшы финалда өзбекстанық қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аса ауыр салмақ дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек финалдық жекпе-жекте Токио олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем, үш дүркін Азия чемпионы Баходир Жалоловтан жеңіліп, Азия ойындарының күміс жүлдесін еншіледі.

Қазақстандық боксшы Ханчжоудағы бәсекені ширек финалдан бастап, Бахрейн намысын қорғайтын Данис Латыповтан басым түскен. Сосын, Нарендерді (Үндістан) айқын басымдықпен жеңіп, өзі қатысқан алғашқы Азиаданың ақтық айқасына жолдама алған.

Айта кетейік, әлем чемпионатының 2, сары құрлық біріншілігінің 4 дүркін күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевтың қоржынында Париж олимпиадасының жолдамасы бар.

Бұған дейін әйелдер арасында боксшы Карина Ибрагимова да Азиаданың күміс жүлдесіне ие болды. Ол финалда Тайбэй спортшысы Лин Ю Тинге есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2039771-qamsybek-qonqabaev-aziya-oiyndarynyn-kumis-zuldegeri-atandy/

pixel