jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Боксшы Карина Ибрагимова Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды

    Боксерша Карина Ибрагимова
    Карина Ибрагимова. Фото: kfb.kz

    Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз финалда Тайбэй спортшысына есе жіберіп қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Карина Ибрагимова 57 келі салмақ дәрежесінде финалда Тайбэй спортшысы Лин Ю Тиннен жеңіліп, құрлықтық доданың күміс жүлдесін еншіледі.

    Айта кетейік, джиу-джитсудан 5 қазан күні ел қоржынына бір алтын, екі күміс медаль салынды

    69 келіде бақ сынаған Нұржан Батырбеков финалдық сайыста екі дүркін Азия чемпионын жеңіп, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды .

    62 келіде әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Мансұр Хабибулла қола үшін өткен бәсекеде филиппиндік Марк Александер Лимді (Филиппин) 6:2 есебімен ұтты.

    Сондай-ақ, 69 келі салмақта белдескен Алдияр Серік сингапурлық қарсыласын ұпай санымен жеңіп, Азия ойындарының қоласын жеңіп алды.

    Сондай-ақ каратэшілер де ел қоржынын бір алтын мен бір күміспен толықтырды.

    Нұрқанат Әжіқанов Азиаданың алтынын жеңіп алса, Лаура Әліқұл күміс жүлдеге ие болды.

    Боксшы Карина Ибрагимова Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.