jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қазақ бокс мектебінің мықтылығын әлемге тағы да паш етті": Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой бокста он бесінші жеңісіне қол жеткізген Жәнібек Әлімханұлын құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі X (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды.

    "Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтаймын.

    Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!", - деп жазды мемлекет басшысы желідегі парақшасында.

    Айта кетелік, бүгін WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақта екі белбеу сарапқа салған жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы германиялық Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, екі белбеудің иегері атанды.

    Бұған дейін WBO титулы Жәнібек Әлімханұлына, IBF белбеуі Гуальтьериге тиесілі болатын.

    "Қазақ бокс мектебінің мықтылығын әлемге тағы да паш етті": Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.