jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Бокс кештерін өткізе алмай келеміз": Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады

    Қанат Ислам
    Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам елімізде бокс кештерін өткізе алмай жүргенін айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Отандық спортшы президентке деген үндеуін Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбада ол соңғы үш-төрт жылда бокс кештерін түрлі себептермен өткізе алмай жүргенін жеткізді. Боксшы мемлекет басшысының қолдауына үміт білдірді.

    "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым - Қанат Ислам. Мен кәсіби боксшымын. Біз Qazaq promotion компаниясы 2016 жылдан бері кәсіби бокс кештерін өткіземіз. Қазір танымал болған Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ермосынұлы сияқты спортшылар осындай кештердің бірінде алғаш рет дебют жасаған болатын. 2019-2020 жылдардан кейін әртүрлі себептермен біз кәсіби бокс кештерін өткізе алмай келеміз. Сіз осындай бокс кештерін өткізу мүмкіндігін жеке қолдап, бақылауға алсаңыз деп үміттенеміз", - деді Қанат Ислам.

    Спортшының сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта кәсіби бокс кешіне дайындық жүріп жатыр. Еліміздің 10 спортшысы 16 желтоқсан Астанада өнер көрсетуге дайындалуда.

    "Бокс кештерін өткізе алмай келеміз": Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.