jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Маған басқа белбеулер керек": Жәнібек Әлімханұлы жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) соңғы жеңісінен кейін мәлімдеме жасап, келесі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өткен демалыста германиялық Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) жеңіп, екі белбеудің иегері атанған боксшы болашағы жайлы сөз қозғады.

    Әлімханұлы белбеулерін қорғағысы келмейтінін алға тартты. Ол алдағы уақытта тағы екі белбеудің иегері атанғысы келетінін жеткізді.

    "Мен барлық төрт белдікті алғанша тойлай алмаймын! Маған WBC және WBA атақтары керек! Мұны ақпан айында жасайық! Мен өз белбеулерімді қорғағым келмейді! Маған басқа белбеулер керек! Мен кез-келген чемпионды нокаутқа жіберемін!",- деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында.

    Еске сала кетейік, қазіргі кезде орта салмақтағы WBC белбеуі америкалық Джермелл Чарлода (32-0, 22 КО), ал WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада (29-3-3, 17 КО).

    "Маған басқа белбеулер керек": Жәнібек Әлімханұлы жеңісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.