jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

    Ангелина Лукас
    Ангелина Лукас. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

    Қазақстандық спортшы Ангелина Лукас келесі бокс кешінің өтетін күні мен орны туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Әйелдер арасындағы кәсіпқой бокста бұрын соңды болмаған оқиғаға дайындалып жатырмын. Алтыншы жекпе-жекте Чилиден IBO нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионына қарсы шығамын!", - деді Лукас.

    Қазақстандық спортшының сөзінше, екі әлем чемпионының кездесуі 29 қазанда Ыстамбұлда өтеді.

    "Алдымызда WBC нұсқасы бойынша күміс әлем чемпионы атағы тұр! Толықтай дайынмын және фокуспен көздеп отырып, дүниежүзіне әлемдегі ең үздік Қазақстан боксын көрсетемін. Қарсыластың кім болғаны маңызды емес – мен оны бүкіл әлемге дәлелдеймін! Сіздердің қолдауларыңыз бен махаббаттарыңыз мен үшін маңызды", – деді Лукас.

    Ангелина Лукас келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.