Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жеті боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

Төрехан Сабырхан
Төрехан Сабырхан. Фото: instagram/boxingkazakhstan

Астанада өтіп жатқан бокстан жастар және жасөспірімдер Азия чемпионатының жартылай финалдық кездесулері аяқталды. 1/2 финал қорытындысы бойынша жеті бірдей жерлесіміз айтулы бәсекенің финалына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

48 келіде бақ сынаған Боранбек Бексұлтан өзбек боксшысы Мухаммасгиос Собутхановты 5:0 есебімен жеңіп, елімізге алғашқы финалдық жолдаманы сыйлады.

Ал 60 келіде шаршы алаңға көтерілген Бахтияр Анарбаев жапондық Акито Хориені 4:1 есебімен жеңді. Еске сала кетейік, 63,5 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Төрехан Сабырхан иорданиялық Омар Әл Хададиді мерзімінен бұрын жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

71 келідегі Ислам Советов болса үндістандық Малик Притті 4:1 есебімен жеңіп қапы қалдырды.

Дәулет Төлемісов те Оңтүстік Корея елінің өкілі Ким Минсеонгты 5:2 есебімен ұтып, жеңісті серияны жалғастырды.

Орта ауыр салмақта жұдырықтасқан Виктор Литвинов тағы бір кореялық боксшы Шин Минсюнгты мерзімінен бұрын жеңді. Аса ауыр салмақтағы сенім артқан боксшымыз Иван Ермоленко үндістандық Рази Лакшайды төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп (5:0), жеңісті жолды жалғады. Осылайша 7 спортшымыз Азия чемпионатының финалына жолдама иеленді.

Материал авторы: Ерасыл Сайлауғали

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2043730-qazaqstandyq-zeti-bokssy-aziya-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel