jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Элянур Тұрғанова жастар арасында Азия чемпионы атанды

    Азия чемпионаты. Бокс
    Элянур Тұрғанова. Фото.: boxingkazakhstan

    Астанада өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионатында Элянур Тұрғанова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    50 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Элянур Тұрғанова финалдық кездесуде Үндістан елінің өкілі Аншудан басым түсті. Бұл Элянурдың жастар санаты бойынша иеленген Азия чемпионатының алғашқы жүлдесі.

    Естеріңізге сала кетейік, Элянур Тұрганова жартылай финалдық жекпе-жекте Тайпей спортшысы Чиу Чинг-Юды 5:0 есебімен жеңген болатын.

    Сондай-ақ, осыған дейін жасөспірімдер санаты бойынша ерлер құрамасы үш алтын,төрт күміс, үш қола жеңіп алса, жасөспірім қыздар құрамасы үш алтын, төрт күміс, төрт қола иеленген еді. Елордамызда өтіп жатқан байрақты бәсеке 4 қараша күні өз мәресіне жетеді.

    Материал авторы: Ерасыл Сайлауғали

    Боксшы Элянур Тұрғанова жастар арасында Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.