Боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабындағы басты мақсатын айтты
Опубликовано:
WBO және IBF тұжырымдарының орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы басты мақсатын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жәнібек Әлімханұлының Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кәсіпқой бокс мансабындағы басты мақсатымен бөлісті.
"Маған не керек екенін бәрі біледі! Кәсіпқой бокстың төрт белбеуі керек!",- деді Жәнібек Әлімханұлы.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы қазан айында өткізген жекпе-жегінде неміс боксшысы Винченцоны (21-1-1) мерзімінен бұрын жеңіп, IBF титулын иеленген еді.
Айта кетейік, кәсіпқой бокстың орта салмағының WBA титулының иегері Эрисланди Лара болса, WBC титулы америкалық Джермаллу Чарлоға тиесілі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2044897-bokssy-zanibek-alimxanuly-kasipqoi-mansabyndagy-basty-maqsatyn-aitty/