jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы WBC чемпионы атануға жақын

    Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов
    Мейірім Нұрсұлтанов. Фото: Bill Tompkins/Getty Images

    Бүгін, 17 қарашада Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіби бокс мансабындағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    17 қараша Өзбекстан астанасы Ташкентте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0-0 11 КО) Чили елінің былғары қолғап шебері Хулио Аламаспен (16-1-0) жұдырықтасады.

    Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы орта салмақтағы WBC чемпионына міндетті қарсылас болады.

    Айта кетейік, боксшылар кездесуге бір тәулік қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өткен еді. Мейірім Нұрсұлтановтың салмағы 72,5 келі болса, Хулио Аламас 72,3 келі болды. 12 раундқа жоспарланған кездесу Ташкенттегі "Хумо Арена" спорт кешенінде өтеді.

    Қазақстандық боксшы WBC чемпионы атануға жақын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.