jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте өткен жекпе-жегінде жеңіске жетті

    Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жектен кейін
    Мейірім Нұрсұлтанов жекпе-жектен кейін. Фото: Instagram/meiirim.nursultanov

    Қазақстандық танымал боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Ташкентте (Өзбекстан) өткен кәсіпқой бокс кешінде чилилік боксшы Хулио Аламоспен (16-1, 9 КО) жұдырықтасты. Тартысты жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

    Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 20-жеңісіне қол жеткізді. Қазақстандық боксшы бұл жолы чилилік Хулио Аламосты жеңіп кетті.

    "Хумо Аренада" өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Кездесу белгіленген уақытқа дейін жалғасып, соңында Мейірім Нұрсұлтанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 

    Осылайша отандасымыз WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанды. 

    Айта кетейік, бұған дейін Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша "Жылдың үздік боксшысы" атағын жеңіп алғанын хабарлаған едік. Марапаттау рәсімі Доминикан Республикасында өткен конференцияда болды.

    Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте өткен жекпе-жегінде жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.