jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды

    Жанқош Тұраров
    Жанқош Тұраров. Фото: instagram/movidapromotions

    Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегіндегі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жанқоштың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Отандасымыз Жанқош Тұраров (27-0, 20КО) IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын жапониялық боксшы Акихиро Кондоға (37-11-2, 21КО) қарсы жекпе-жекте қорғайды.

    "10 желтоқсан, Балуан Шолақ, мені және қазақ боксшыларын қолдайтындар қайда? Келесіздер ме?", – деді Жанқош Тұраров.

    Сонымен қатар бұл жекпе-жекте WBO Gold World белбеуі де сарапқа салынады. Айта кетейік, кездесу 10 желтоқсан күні Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өтеді.

    Еске салайық, Жанқош Тұраров рингке соңғы рет 2023 жылдың наурыз айында шыққан. Сол бокс кешінде мексикалық Алехандро Менесесті (16-5, 9КО) мерзімінен бұрын ұтып, IBO белбеуін жеңіп алған еді.

    Боксшы Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.